
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының қызметкерлері «Оқушы» орталығымен бірлесіп Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ауқымды іс-шаралар кешенін өткізді.
«Оқушы» орталығының базасында орта мектеп балалары арасында асфальтта «Қауіпсіз балалық шақ», «Балаларымызды қорғайық» атты суреттер фестивалі өтті.
Сонымен қатар, ойын, спорттық-ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылды, сондай-ақ Жас құтқарушылар жасақтары арасында «Қауіпсіз балалық шақ» бейнероликтер конкурсы өткізілді.
Балалар құтқару техникасымен және өрт-техникалық қару-жарақпен үлкен қызығушылықпен танысты, онда төтенше жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі туралы теориялық білім алып қана қоймай, оларды практикалық сабақтар барысында пысықтады.
Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды, дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.
Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі