
Тараз қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы айтулы мереке қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балаларды бір серпілтіп, қуантып қайтуды шешті. Өрт сөндірушілер мүмкіндігі шектеулі 23 бала тәрбиеленіп отырған үйге арнайы барып, балаларды мерекелерімен құттықтады. Естелік сыйлықтар мен тәттілерді үлестіруді де естен шығармады. Сол күні Өрт сөндіруші-құтқарушылар Қызыл жұлдыз ауылдық округіндегі іс-шараға қатысып, ерекше балаларға сыйлықтар табыс етті.
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары жедел-құтқару қызметінің құтқарушылары да өз кезегінде Тараз қаласының №46 орта мектебіне арнайы бас сұғып, балаларға өздерінің қызықты жұмыстары туралы әңгімелеп, қолда бар жабдықтар мен жарақтарды көрсетті. Кездесу соңында құтқарушылар балаларға жазғы кезеңде шомылу ережелерін қатаң сақтауды қатаң ескертіп, алдын алу сипатындағы жаднамалар таратты.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі