Мемлекет басшысының жолдауында «2022 жыл - Балалар жылы» деп жариялауына орай және «1 маусым - Балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында ағымдағы жылдың 31 мамыр күні Атырау облысы ТЖД «Өрт өндіру және авариялық құтқару жұмиыстары қызметі» ММ қызметкерлері Атырау қаласы Балықшы, Вокзал маңы, Алмагул, Нұрсая ықшам аудандарының көпқабатты үйлерінің және балабақша аулаларында балаларға шара өткізді.
Шара барысында қызметкерлер өрт сөндірушілердің қызметі туралы түсіндіріп, балалар өртке киетін жауынгерлік киімдерін, құралдарын, өрт сөндіру автокөлігін тамашалады және өрт сөндіру автокөлігіне мініп қуана қызықтады. Және де Қызметтің жедел-құтқару жасағының кинолог маманы арнайы із кесуші иттердің іс – қимылдарын көрсетті. Балаларға от ен су қауіпті екендігі түсіндірілді. Балалар қызығушылықпен тамашалап, қызметкерлерге алғыстарын білдірді.
Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ»
ММ Қоғаммен байланыс тобы