Мәжіліс депутаты ақмолалық құтқарушыларға референдумға қатысудың маңыздылығын түсіндірді

Мәжіліс депутаты ақмолалық құтқарушыларға референдумға қатысудың маңыздылығын түсіндірді

Мәжіліс депутаты және ҚР ТЖМ өкілдері жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді. Бірнеше күн бойы халық қалаулылары облыстың ТЖ департаментінің қызметкерлерімен кездесулер өткізеді.

Бүгін, 1 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Александр Милютин Щучинск қаласының жасағының қызметкерлеріне Конституцияға ұсынылған өзгерістерді түсіндірді. Кездесуге азаматтық қорғау органдарының 100-ден астам қызметкері қатысып, болашақ референдум туралы өздерін қызықтырған сұрақтар қойды.

«Болашақ референдум барлық қазақстандықтар үшін өте маңызды оқиға, өйткені референдум арқылы конституцияға 1995 жылдан бастап өзгерістер енгізілген жоқ. Біздің республикамыздың әрбір азаматы, азаматтық қорғау органдарының қызметкері осы маңызды саяси оқиғаға қатысуға және өз ұстанымын білдіруге құқылы», - деп атап өтті Александр Милютин.

Ертең Мәжіліс депутаты Көкшетау қаласына барып, Ақмола облысы ТЖД қызметкерлерімен кездесуін жалғастырады.

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі