1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Төтенше жағдайлар вице-министрі Қ.М. Пішембаев және Кадр саясаты департаментінің бастығы Ш. М. Әзірбаев Мамандандырылған балалар үйінің балаларын мерекемен құттықтады.
Салтанатты шарада балаларға денсаулық пен қуаныш тілей отырып, танымдық, жарқын ойыншықтар мен азық-түлік себеті түріндегі сыйлықтар табыс етілді.
ТЖМ жыл бойы тұрақты негізде қамқорлыққа алынған балалар үйлері мен ата-анасының қамқорлығынсыз және жылусыз қалған балалар тұратын отбасылар үшін бірқатар қайырымдылық акциялары өткізіледі.
Кадр саясаты департаменті