ШҚО орманшылары мен құтқарушылары өртпен күресуде

ШҚО орманшылары мен құтқарушылары өртпен күресуде

2022 жылғы ​ ​1 маусымда сағат 14:27-де «Семей орманы» МОТР Жаңа-Семей филиалы Подгороднее орман шаруашылығында орман аймағы жанып жатыр (қарағай). Аумағы шамамен 160 гектарды құрайды. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД мен орманшылардың жеке құрамынан 140-тан астам адам мен 34 бірлік техника жұмылдырылды. Сондай-ақ оқиға орнына ҚР ТЖМ №68303 әскери бөлімінің күштері мен құралдары қосымша шықты. Алдын ала себеп ретінде өрт найзағай разрядынан басталды деген нұсқа қарастырылып жатыр. Құрғақ, ыстық ауа райына байланысты Семей қаласында өрт қауіптілігінің 5-сыныбы жарияланды.

 

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі