Маңғыстау облысының құтқарушылары экскурсия өткізді

Маңғыстау облысының құтқарушылары экскурсия өткізді

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен «ӨСжАҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағы бірлесіп облыстық балалар ауылының 12 тәрбиеленушісі үшін құтқару станциясының аумағы бойынша экскурсия өткізді. Көрсетілім барысында балаларға құтқарушылардың жұмысы, сондай-ақ судағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірілді.

Мерекелік іс-шара соңында басқарма қызметкерлерімен жадынамалар таратылып, өрт қауіпсіздігі және судағы қауіпсіздік ережелері қайта түсіндірілді.

 

Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі