Парламент Мәжілісі депутатының Қарағанды облысындағы жұмыс сапары жалғасуда.
Мәжіліс депутаты Александр Милютин сапарының екінші күні қаза тапқан өрт сөндірушілер мемориалына гүл шоқтарын қоюмен және Қарағанды қаласындағы №10 өрт сөндіру бөліміне барумен басталды.
Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов мәжілісменді бөлімшенің қызметімен және қолда бар өрт-құтқару техникасымен таныстырды. Бұл Қарағандыдағы құтқару жұмыстарына көп шығатын өрт сөндіру бөлімдерінің бірі екенін атап өтті.
Содан кейін депутат ТЖД мұражайына барып, мұражай жұмысымен және экспозициялық залдармен танысты.
Сонымен қатар, Александр Милютин ҚР ТЖМ 52859 әскери бөліміндегі, Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі мен жедел-құтқару жасағының қызметімен танысты.
Өрт сөндіруші-құтқарушылармен, әскери қызметшілермен кездесу кезінде азаматтық қорғау қызметінің қызметіне қатысты аса маңызды проблемалар талқыланды, жақын болашақта шешілуі тиіс негізгі міндеттер белгіленді.
Депутат референдумның маңыздылығын атап өтті. Референдум елдің басты заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін өткізіледі.
Реформа билік тармақтары арасындағы қарым-қатынас теңгерімін оңтайландырады, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтеді, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтеді.
Қазақстан Республикасы азаматының әрбір дауысы маңызды.
Әрбір қазақстандық жаңа Қазақстанның құрылысы мен дамуына қатысуы тиіс.
Мәжіліс депутаты ТЖМ жүйесіндегі өрт сөндіруші-құтқарушылардың ерекше еңбегін атап өтті.
Ол қызметкерлерге өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізудегі батылдығы мен батырлығы үшін алғыс айтты.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі