
АЙТЫЛДЫ:
«Мемлекет басшысы Министрліктің алдына төтенше жағдайлардың санын азайту, қысқы кезеңге дайындық жұмыстарын жүргізу, қар құрсауы, сондай-ақ көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша бірқатар міндеттер қойды».
ОРЫНДАЛДЫ:
✅ Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 1 847 СМС-хабарлама "Дәрмен" мобильдік қосымшасы арқылы 2 066 хабарлама жіберілді;
✅ Құтқару бөлімшелерімен 2 490 адам құтқарылды, оның ішінде 375 бала, 2 629 адам эвакуацияланды, 573 бірлік техника шығарылды;
✅ Авариялық-құтқару жұмыстарына 2 606 адам және 1 517 бірлік техника жұмылдырылды (ТЖМ – 1483/486, ІІМ – 486/232, ЖАО – 637/303, жол қызметтері – 624/457);
✅ 570 зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді, емдеу мекемелеріне 301 адам эвакуацияланды, 260 адам ауруханаға жатқызылды;
✅ ТМҚП шұғыл ден қою бригадалары 292 рет жолға шықты, оның ішінде жол – көлік оқиғаларына 228 рет шықты;
✅ Қарлы боран кезінде халыққа уақытылы ақпараттық-психологиялық көмек көрсету үшін 27 рет "Қауырт желі" телефонының жұмысы ұйымдастырылды.