
АЙТЫЛДЫ:
«Халықты құлақтандыру жүйесі арқылы уақтылы хабардар ету қажеттігіне назар аудара отырып, ТЖ министрлігіне қойылған міндеттерді орындауды жалғастыруды тапсырамын».
ОРЫНДАЛДЫ:
✅ Республикалық деңгейдегі құлақтандыру жүйесін құру, халықты уақтылы құлақтандыру және хабардар ету жөніндегі процестерді автоматтандыру мақсатында ТЖМ-де елдің құлақтандыру жүйесін басқарудың республикалық пульті орнатылды. Оған 9 өңірдің аумақтық құлақтандыру жүйелерін басқару пульттері интеграцияланған;
✅Елімізде халықты хабардар етуге арналған 3141 соңғы құлақтандыру құрылғысы бар (1461 бірлік-дабылдық-сөйлеу құрылғысы және 1680 бірлік – дабыл сиренасы);
✅ Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуды қармауды жүзеге асыру мақсатында еліміздің 10 өңірінде хабар таратудың цифрлық арналарын қармау үшін заманауи жабдық енгізілді;
✅ Заманауи ақпараттық технологияларды дамыту шеңберінде халықты ықтимал ТЖ туралы жедел ақпараттандыру үшін «Darmen» мобильді қосымшасы әзірленді. Ол нақты таңдалған облыс аумағындағы халықты 2-4 секунд ішінде уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.