ТЖМ «Балаларға қуаныш сыйла» акциясын өткізді

ТЖМ «Балаларға қуаныш сыйла» акциясын өткізді

2022 жылғы 29 мамырда Дүниежүзілік балаларды қорғау күні аясында Төтенше жағдайлар министрлігі төтенше жағдайлар органдарының Ардагерлер Кеңесімен бірлесіп балаларға арналған акция өткізді.

«Балаларға қуаныш сыйла» акциясы «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталығында өтті. Өткізілген іс-шара аясында балаларға «Мейірімділік-М» қайырымдылық ұйымы» қоғамдық қорының тәрбиеленушілері үшін түрлі ойыншықтар мен үстел ойындары табыс етілді.

 

Кадр саясаты департаменті