
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыстың орманды дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында ағымдағы жылдың 28 мамырында Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округінің Қарағай орманы аумағында халықпен «Табиғатты өрттен сақта» акциясын өткізді.
Бұл акцияға 40-тан астам адам қатысты, атап айтқанда: төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ММ, «5512 әскери бөлімі» РММ, Жергілікті полиция қызметі, Табиғат қорғау полициясы, Павлодар орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Павлодар орман қорғау мекемесі «Қызыл Жарты Ай» қоғамдық бірлестігінің филиалы.
«Табиғатты өрттен сақта» акциясы аясында демалушыларға Павлодар облысының орманды дала массивтерінде және елді мекендерінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша талаптар түсіндірілді, өртке қарсы тақырыпта 42 жадынама және бүктеме таратылды.
«Қызыл Жарты Ай» қоғамдық бірлестігі филиалының еріктілері демалушыларға адамның жүрек-өкпе реанимациясын, сондай-ақ күйік кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді көрсетті.
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрақты негізде халықпен профилактикалық іс-шаралар өткізеді.
Павлодар облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы