Төтенше жағдайлар қызметкерлері Тіл саясаты комитеті әзірлеген ІТ-жобалармен танысты

Төтенше жағдайлар қызметкерлері Тіл саясаты комитеті әзірлеген ІТ-жобалармен танысты

2022 жылғы 27 мамырда Төтенше жағдайлар министрлігінде Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік тілді үйрету бағытында әзірленген 11 ІТ-өнімді («Tilqural.kz», «Balatili.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Termincom.kz», «Emle.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz», «Qujat.kz», «Atau.kz», «Qazlatyn.kz») құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлеріне таныстыру және түсіндіру жұмыстары өтті.

Таныстыру жұмысын Тіл саясаты комитетіне қарасты «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы жүргізді.

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған ІТ-өнімдермен ZOOM,  FACEBOOK,  YOUTUBE платформалары арқылы 1200-ден астам азаматтық қорғау органдары қызметкерлері таныс болды.

Бүгінгі таныстыру жұмысын мына сілтеме арқылы көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=QU0bW6OYRWI.

 

 

ҚР ТЖМ Мемлекеттік тілді

дамыту басқармасы