Парламент Мәжілісінің депутатты Апаттар медицинасы орталығында болды

Парламент Мәжілісінің депутатты Апаттар медицинасы орталығында болды

2022 жылғы 27 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Александр Александрович Милютин Қазақстан Республикасы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығында болды.

Сапар барысында депутат Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсетуге байланысты міндеттер жүктелген Апаттар медицинасы орталығының қызметімен танысты.   Депутатқа ТЖ-ға шығуды жүзеге асыру кезінде АМО дәрігерлері пайдаланатын медициналық көлік құралдары мен жабдықтар ұсынылды. Барлық техника ТЖ аймағында немесе медициналық эвакуациялау барысында қажетті реанимациялық іс-шараларды орындауға мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен жабдықталған.

Сондай-ақ, қызметкерлермен кездесу өткізілді, онда депутат алдағы референдумның маңыздылығын, Конституцияға енгізілетін түзетулердің мазмұнын түсіндірді және АМО қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында депутат Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлері кәсібінің маңыздылығын атап өтіп, қажырлы еңбегі үшін алғыс айтып, кәсіби қызметте сәттілік тіледі.

 

 ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ