Өрттен құтқару спорты бойынша ҚР Кубогына жарыс қарсаңында мандат комиссиясы мен спорттық жабдықтарды сыннан өткізу отырысы өтті

Өрттен құтқару спорты бойынша ҚР Кубогына жарыс қарсаңында мандат комиссиясы мен спорттық жабдықтарды сыннан өткізу отырысы өтті

Ақтауда Өрттен құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының Кубогына жарысына соңғы дайындық шегі мәреге жетті. Ертең біз 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өтуде Қазақстан чемпиондарының алғашқы есімдерін білеміз.  

Ал бүгін мандат комиссиясы мен спорттық жабдықтарды сыннан өткізу отырысы өткен болатын. Мандат комиссиясы отырысына чемпионатқа қатысушы барлық командалардың өкілдері мен жаттықтырушылары қатысты. Чемпионатқа облыстардың және Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының ТЖД және Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық Қорғау академиясының 9 үздік ерлер командасы қатысуда. Жалпы турнирге 250-ден астам адам қатысады.

Бүгін әрбір команданың өрттен құтқару спортынан Қазақстанның чемпионының атағын алуға күресуде қажет етілетін спорттық жабдықтарды сыннан өткізуге мүмкіндік туды.

Маңғыстау облысы ТЖД Дағдарыс орталығында бас төрешілер алқасының, команда өкілдерінің кеңесі және жеребе тарту рәсімі өтті. Отырыс барысында Маңғыстау облысы ТЖД бастығы Мұханов М.С. және бас судьяның орынбасары, «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігі атқарушы комитетінің директоры Д.Т. Данаев қатысушы командалардың өкілдеріне жарыс туралы ережені түсіндірді. Өз кезегінде, аға төрешілер жабдықтар мен жарақтардың дайындығы туралы, сонымен қатар командалардың өрт-техникалық жабдықтарының тексеріс нәтижесі жөнінде түсіндірді. 

Сондай-ақ қатысушыларға жарыс жүрісі түсіндірілді. Комиссия нәтижесі бойынша Ақтауға келген барлық спортшылар алдағы жарысқа жолданатын болады. Жиналыс жеребемен тәмәмдалды.

Естеріңізге сала кетейік: 23 мен 28 мамыр аралығында Ақтау қаласында Өрттен құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының Кубогына жарыс өтеді. Басталу уақыты: күнделікті сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.

Кубоктың ресми ашылуы 25 мамыр күні сағат 15:00-де «Жас Қанат» спорт кешенінің аумағында өтеді.

Жарыс бағдарламасына шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту, жауынгерлік қанат жаю енгізілген.

Жарысқа облыстық және қалалық ТЖД 9 үздік ерлер құрама командасы, Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының командасы және 13 әйелдер командасы қатысады.

Жүлделі орындарға ие болған командалар мен спортшылар ұйымдастырушылардан дипломдар, медальдар, сыйлықтар мен кубоктар алады.

Бұл жарыстың негізгі мақсаты жастар арасында өрттен құтқару спортын насихаттау және дамыту болып табылады.

 

Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі