Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу нәтижелері бойынша 2021 жылғы 3 желтоқсанда берілген № 208 анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында «Шығыс-Қазақстан ұн құрама жем комбинаты» АҚ жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Кәсіпорының негізгі қызметі астықты жинау және сақтау, бидай мен қара бидай ұнын өндіру мен сату болып табылады.
Тексеру барысында өсімдік шикізатын қайта өңдеу бойынша объектілер мен лифтілер тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша бұрын анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылғаны анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде: «Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптарын сақталуына қатысты мәселелер қаралды және түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті