Ақтөбе облысында «Жас құтқарушы» клубтары арасында облыстық балалар мен жасөспірімдер чемпионаты өз мәресіне жетті

Ақтөбе облысында «Жас құтқарушы»   клубтары арасында облыстық балалар мен жасөспірімдер чемпионаты өз мәресіне жетті

Ақтөбе облысында «Жас құтқарушы»   клубтары арасында облыстық балалар мен жасөспірімдер чемпионаты өз мәресіне жетті.

Жалпы чемпионатқа  12 аудан және 2 қалалық бөлімшелерден  120-ға жуық жасөспірімдер қатысты. Жас құтқарушылар қабырға газеті, өрт эстафетасы, алғашқы көмек көрсету, техногендік авария аймағындағы авариялық - құтқару жұмыстары, табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары, су айдынындағы құтқару жұмыстары кезеңі бойынша өз шеберліктерін шыңдады.

Қазылар алқасы бірінші кезекте болашақ құтқарушылар қиын жағдайға тап болған адамдарға уақтылы алғашқы көмек көрсете алуы үшін жарыстардың барлық кезеңдерінде орындаудың сапасы мен жылдамдығын бағалап, ескерді. Жас құтқарушы жасөспірімдер чемпионаттың әр кезеңінде шыдамдылық танытып, жеңіске деген ерік-жігерліктерін көрсетті.

Турнирдің қорытындысы бойынша жалпы командалық есеп бойынша 3-орынды  Ойыл ауданының  жас құтқарушылары командасы иеленсе, 2-орынды Байғанин ауданының жас құтқарушылары командасы ұтып алды. Облыстық  «Жас құтқарушы»  чемпионатының жеңімпазы Мәртөк ауданының жас құтқарушылары командасы атанды.

Чемпионат жеңімпаздарын ТЖД басшылығы және ардагерлер төрағасы Б.Айтқұлов кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Сонымен қатар ТЖД басшылығы жас құтқарушы жасөспірімдерге, жаттықтырушылар мен ұйымдастырушыларға ауқымды іс-шараны өткізгені үшін алғыс айтты.

 

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі