
2022 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы - депутат Александр Александрович Милютин жұмыс кестесі шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаментінің 4 бөлімшесінің азаматтық қорғау органдарының және ҚР ТЖМ Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының қызметкерлерімен кездесулер өткізді.
Аралау барысында А.А. Милютин астаналық гарнизонда қызмет атқарып жүрген өрт сөндірушілермен, құтқарушылармен және ҚР ТЖМ әскери қызметшілерімен әңгімелесу өткізді, ағымдағы жылғы 5 маусымда өтетін еліміздің негізгі Заңы - Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша алдағы референдумға қатысты негізгі мәселелерді түсіндірді.
Конституциялық түзетулер жобасы бойынша жалпы дауыс беруге ерекше назар аударып, Қазақстандағы демократиялық қағидаттарға берік ұстанушылыққа назар аударды.
«Референдум бізге және Қазақстан Республикасының әрбір азаматы - өз Отанының патриотына болашақ жаңа Қазақстанның одан әрі дамуына қатысуға мүмкіндік береді» - А.А. Милютин
Сондай-ақ, депутат ТЖ департаментінің басқарма аппараттарының, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімдері мен жедел-құтқару жасағының, Дағдарыс жағдайларында басқару орталығы мен ҚР ТЖМ ахуалдық орталығының жарақтандырылуы мен жаңғыртылуының жұмысымен танысты, орын алған проблемалық мәселелерді тыңдап, оларға толық жауаптар берді.
ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті