«Жас құтқарушы» облыстық слеті өткізілді

«Жас құтқарушы» облыстық слеті өткізілді

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментімен, сонымен қатар Маңғыстау облысының Білім басқармасы және Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп ағымдағы жылғы 19 мамырда «Жас құтқарушы» облыстық слеті өткізілді.

Маңғыстау облысы ТЖД бастығы полковник Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов сөз сөйлеп: "Баршаңызға осы жарыстарда өздеріңізізді толық көрсете білулеріңізге тілектеспін! Сіздердің нәтижелеріңізге ешқандай психологиялық қысым, сыртқы факторлар әсер етпесін! Сонда ғана сіздер міндетті түрде мақсатқа жетесіздер!» -деді.

Слетке барлығы облыстың қала және аудандарынан 8 команда қатысты. Слет жеңімпаздары және жүлдегерлері мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Слет қорытындысы бойынша 1 орын – Маңғыстау ауданының командасы, 2 орын – Түпқараған ауданының командасы, 3 орын – Мұнайлы ауданының командасы.

 

Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі