
2022 жылғы 19 мамырда Маңғыстау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде «Antikor оrtalyǵy» алаңында ТЖД жеке құрамымен «Сыбайластық жемқорлықпен күресу профилактикасы және «Қазақстан Республикасының сыбайластық жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын» талқылау бойынша дәріс және бейне роликтер арқылы түсіндіру семинар –сабақ өткізілді.
Семинарға Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Н. М. Жаңабаевтың және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысының бірінші орынбасары Қ. Б. Мырзағалидің қатысты.
Семинар –сабақта ТЖД бастығының орынбасары Н.М.Жаңабаев жеке құрамды сыбайлас жемқорлықпен күресуге белсенді болуға шақырды. Сонымен қатар жасалған жұмыстар бойынша ТЖД жеке құрам бойынша инспекциясының қызметкері М.М. Сабенов сөз сөйледі.
Шара барысында Агенттіктің 1424 COLL –орталығы туралы, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағандарға берілетін ақшалай сыйлық жөнінде айтылды. Сондай-ақ жеке құрам тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі