Приозерск қаласында профилактикалық іс-шаралар өткізілді

Приозерск қаласында профилактикалық іс-шаралар өткізілді

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде  23 мамырда Приозерск қаласында №15 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен жол - көлік оқиғаларының және жүргізушілер тарапынан әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Іс-шараға Қарағанды облысы ТЖ департаментінің жеке құрам бойынша инспекторы Нұрсұлтан Жапишев, Приозерск қаласының ТЖб бастығы Мақсат Әбюров және 15-ӨСБ бастығы Сапарғали Құрымбаев қатысты.

Жеке құрам бойынша инспектор жеке құрамға өрт сөндіру автомобильдерін басқару кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау,сондай-ақ жол жүру ережелерін әрдайым қатаң сақтау және жеке автокөлікте қауіпсіздік белдіктерін тағу қажеттілігі туралы еске салды.

 Іс-шарадан кейін гарнизон басшылығы барлық қызметкерлердің сыртқы келбетін және олардың қызмет атқару кезінде киім кию қағидаларын сақтауын, сондай-ақ лауазымы мен атағы бойынша деректерге сәйкес қызметтік куәліктерінің болуын, жеке нөмірі бар жетондарының болуын тексерді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі