2022 жылғы 18 мамырда Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы нығайту, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі аспектілерін жеткізу мақсатында Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері үшін, «Әдептілік жолы» РҚБ басшысы Павлодар облысы бойынша ӘПК жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы спикері Нұргүл Қайырденова семинар-дәрісін өткізді.
Қызметкерлерге презентация көрсетіліп, оның барысында Нұргүл Қайырденова әңгімелесу форматында семинар өткізді. Семинар барысында қызметкерлер өздерін қызықтырған бағыттар бойынша сұрақтарына жауап алды.
Сондай-ақ, 2022 жылғы 5 маусымда Қазақстанда жоспарланып отырған Республикалық Референдум талқыланды.
Павлодар облысы ТЖД КСБ