ТЖ министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен семинар өткізілді

ТЖ министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен семинар өткізілді

2022 жылғы 24 мамырда онлайн режимде ZOOM қосымшасы арқылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Кадр саясаты департаментінің Жеке құрам бойынша инспекция басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау жүргізу» тақырыбында құрылымдық, аумақтық, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың 62 қызметкерін қамти отырып семинар өткізді.

Семинар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды, Ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын, ішкі талдау бағыттарын түсіндіруді қамтыды, сондай-ақ ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

Семинар барысында Агенттіктің Превенция қызметінің аса маңызды істері жөніндегі офицері Р.А. Берестенов және Агенттіктің превенция қызметінің бас консультанты А. А. Мунтанов семинарға қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға түсініктеме берді.

 

 

ҚР ТЖМ Кадр саясаты департаменті