ҚР ТЖМ кинологиялық есептоптарының сертификаттық сынақтары басталды

ҚР ТЖМ кинологиялық есептоптарының сертификаттық сынақтары басталды

2022 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен әскери бөлімдерінің кинологиялық есептоптарының сертификаттық сынақтары басталды.

Сертификаттық сынақтарға 62 кинологиялық есеп қатысады, олар Түркістан облысы мен Солтүстік Қазақстан облысының екі өңіріне бөлінген.

Сертификаттау сынақтары үш кезеңде өтеді, бірінші кезең ептілік
пен мойынсұнушылық тексеріледі, екінші кезең Табиғи ортада іздеу жұмыстарын жүргізуге дайындық және үшінші кезең Техногендік ортада тексеріледі.

Нәтижелері бойынша кинологиялық есептоптардың іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындық деңгейі айқындалатын болады.

 

Төтенше жағдайларды жою департаменті