Министрліктер мен ведомстволар ұжымдары арасында шағын футболдан «Kazakstan Kyzmet cup» турнирі

Министрліктер мен ведомстволар ұжымдары арасында шағын футболдан «Kazakstan Kyzmet cup» турнирі

2022 жылғы 1 сәуір мен 20 мамыр аралығында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында "QAZAQSTAN QYZMET CUP" ұйымдастыру комитеті шағын футболдан турнир ұйымдастырды.

Жарысқа 19 команда қатысты: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, KEGOC АҚ, Қазақтелеком АҚ, QazAvtoJol Иидм ҰК АҚ, ҚТЖ ҰК АҚ, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті, ҚР ІІМ көліктегі полиция департаменті, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қаржы министрлігі, Геология және табиғи ресурстар экология министрлігі, Әділет министрлігі, Ұлттық ұлан, Нұр-Сұлтан қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы.

Тартысты күрес барысында Төтенше жағдайлар министрлігінің командасы 3 орынға, Қорғаныс министрлігінің командасы 2 орынға және Қазақтелеком АҚ командасы 1 орынға ие болды.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі