Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері» конкурсында жүлделі орындарға ие болды

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері» конкурсында жүлделі орындарға ие болды

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері» атты республикалық байқау жарияланған еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттап, Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда танымал еті, жастарға үлгі ету –іс-шараның негізгі мақсаты.

Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы ТЖД Мұнайлы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Азамат Сақтағанұлы Құлманов және Шымкент қаласы ТЖД Қаратау ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Еркебұлан Кеңесбекұлы Тасқараев жеңімпаз атанып, «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері» мәртебесіне ие болды.

 

ҚР ТЖМ Кадр саясаты департаменті