«Авторесурс-ЛТ» ЖШС тексеру нәтижелері

«Авторесурс-ЛТ» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы 12 мен 18 мамыр аралығында, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Авторесурс-ЛТ» ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.

Компания қызметінің негізгі түрі ЖЖМ сақтау және сату болып табылады.

Тексеру барысында 35 нысан тексерілді (резервуарлар паркі, сорғы станциясы, төгу теміржол эстакадасы), өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 20 бұзушылықтары анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша компания басшылығымен және қызметкерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

 

                                                               ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті