Алматы облысының тауларында жоғалған төрт жасар бала алты сағаттан кейін табылды

Алматы облысының тауларында жоғалған төрт жасар бала алты сағаттан кейін табылды

2022 жылғы 16 мамыр күні сағат 20:30-да Алматы облысы ТЖД Кербұлақ ауданы Доланалы ауылының маңында 2018 жылы туған баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Ата-аналардың мәліметтері бойынша, түскі уақыт шамасында олар төрт жасар баламен бірге таулы аймаққа саңырауқұлақ теруге шыққан. Бір сәтте ата-аналар көліктің жанында ойнап жүрген баланың жоқ екенін байқаған. Үш сағатқа жуық ата-аналар баланы өз бетінше іздестірген, содан кейін ТЖД-нен көмек сұрады.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Алматы облысының ТЖД қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті тұрғындар, саны 100-ден астам азаматтар және 1 іздестіру иті дереу кірісті.

Іздеу нәтижесінде сағат 23:30-да бала жоғалған жерден 3 км қашықтықта табылды және дәрігерлердің тексерісінен кейін ата-аналарына тапсырылды. Қазіргі уақытта баланың денсаулығына ешқандай қауіп төндірмейді.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі