Маңғыстау облысында брифинг өтті

Маңғыстау облысында брифинг өтті

2022 жылғы 12 мамырда Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында Маңғыстау облысы Қоғамдық  коммуникациялар орталығы алаңында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департамент бастығының орынбасарлары подполковник Бекболат Каирбекұлы Абдикадыровтың және азаматтық қорғау подполковнигі Нұрлан Мақсотұлы Жаңабаевтың қатысуымен  «2022 жылғы өрт қауіпті кезеңге дайындық туралы және шомылу маусымы кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы»  тақырыптарында брифинг өтті.   

Маңғыстау облысының аумағында орман қоры аумағының ауданы 253 мың га құрайды, оның ішінде орман жабылған ауданы 125 мың га. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ауданы 223 мың 342 га құрайды, орман жабылған алаң жоқ.

2020-2021 жылдары өрт қауіпті маусымда облыс аумағында орманды дала өрттері мен жанулары тіркелген жоқ.

Азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері мен ЖАО қатарынан 6 мобильді топ құрылды. Қазіргі таңда 19 рейд жүргізіліп, 87 адамға нұсқама берілді. Рейд кезінде құқық бұзушылықтар анықталмады. Департамент көмегімен Маңғыстау облысының ауылдық аудандарында табиғи өрттерге ден қою үшін 462 адамнан тұратын 38 ерікті өртке қарсы құрылымдар құрылды.

Бұдан басқа, облыс аумағында шығу техникасымен 6 өрт сөндіру бекеттері құрылды (Сенек а., Ақшұқыр а., Таушық а., Боранкөл а., Сай-Өтес а., Тұщықұдық а.). Бұл 9 елді мекенде 76 000 мыңнан астам адамды қамти отырып, аумақты өрттен қорғауға және қамтуға мүмкіндік береді.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені жалғасуда. Су объектілерінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басым міндеті болып табылады. Статистика бойынша, жаз айларында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан адамдардың суда қаза болуы мен жарақаттануының шыңы байқалады. Жүргізілген талдау көрсеткендей, судағы опат болудың негізгі себебі судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына, атап айтқанда тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда шомылуға, суда мас күйінде болуға, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырушы ата-аналардың жауапсыздығына байланысты болды.

 

Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі