28237 әскери бөлімінің 100 қызметкері Текелі қаласында ТЖ салдарын жоюға жұмылдырылды

28237 әскери бөлімінің 100 қызметкері Текелі қаласында ТЖ салдарын жоюға жұмылдырылды

Алматы облысының Текелі қаласындағы ТЖ салдарын жоюға ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің 100 қызметкері мен 7 бірлік техникасы жұмылдырылды. Әскери қызметшілер және жергілікті атқарушы органдардың арнайы техникасы жеке үйлер мен көшелер аумағынан балшық массасын тазарту бойынша жұмыстарды жүргізуде.

16 мамыр күні сағат 17.00-дегі жағдай бойынша жалпы 890 текше метр балшық шығарылды, 81 рейс жасалды. Қазіргі уақытта Қонаев көшесі балшық массасынан тазартылды.

Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге Алматы облысы ТЖД-нің 8 қызметкері мен 3 техникасы, полиция бөлімінің 6 қызметкері мен 2 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 20 қызметкері мен 10 техникасы, 16 қызметкері мен 8 техникасы, оның ішінде «Қазселденқорғау» ММ-нің 3 самосвалы жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 2022 жылдың 15 мамырында сағат 12.10-да Алматы облысының Текелі қаласында (балшық массасы, алдын ала ұзындығы 50 метр, ені 25 метр, биіктігі 3,5 метр, көлемі 4375 текше метр) су тасқыны болды. Салдарынан 5 жасар қыз қайтыс болып, тұрғын үйлер зардап шекті.

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі