Қарағанды облысының Приозерск қаласында сүңгуірлерді оқыту және біліктілігін арттыру курстарының I кезеңі басталды

Қарағанды облысының Приозерск қаласында сүңгуірлерді оқыту және біліктілігін арттыру курстарының I кезеңі басталды

2022 жылғы 16 мамырда Қарағанды облысы Приозерск қаласының құтқару бөлімшесінің базасында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі сүңгуірлерді оқыту және біліктілігін арттыру курстарының I кезеңі басталды.

Еліміздің 8 өңірінен авариялық және су асты-техникалық жұмыстарды жүргізу курстарынан өту үшін 13 құтқарушы мен әскери қызметші келді.

Оқытуды Алматы, Қарағанды, Қызылорда облыстарының ТЖД Жедел-құтқару жасағының "Сүңгуірлерді даярлау жөніндегі нұсқаушы" біліктілігі бойынша Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының сертификаттары бар 3 нұсқаушысы жүргізеді. Сүңгуірлерді оқытуды өткізу жоспарына сәйкес қауіпсіздік техникасы, қызметтік-әскери тәртіпті сақтау бойынша нұсқаулықтар жүргізілді, сондай-ақ оқыту жоспарлары, сабақ кестелері мен күн тәртібі жеткізілді.

Курс нәтижесінеде құтқарушылар мен әскери қызметшілерге сертификаттар беріліп, "І-ІІ мамандандыру тобындағы сүңгуір" біліктілігі берілетін болады, ол кейіннен су асты-техникалық жұмыстарын, гидродинамикалық құралдарды қолдана отырып, сумен слесарлық, монтаждық және ағаш ұсталық жұмыстарды жүргізуде мүкіндік береді.

 

 

ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті