Қазақстан Республикасы ТЖМ қызметкерлері ГАЖ технологияларын қолдану және ТЖ-да картаға түсіру саласында өз әлеуетін арттырады

Қазақстан Республикасы ТЖМ қызметкерлері ГАЖ технологияларын қолдану және ТЖ-да картаға түсіру саласында өз әлеуетін арттырады

2022 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің Дағдарыс жағдайындағы басқармаларының және Дағдарыс жағдайындағы басқару орталығының 25 маманы үшін заманауи және көпфункционалды геоақпараттық жүйелерді, технологияларды қолдану және төтенше жағдайларда карталау бойынша кезекті апталық мастер-тренинг басталды.

Аталған мастер-тренингті Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қаупін азайту жөніндегі орталық Британдық MapAction үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп ұйымдастырды.

MapAction мамандары QGIS геоақпараттық бағдарламасының барлық мүмкіндіктері мен құралдарын пайдалану бойынша презентациялық материалдармен және бейнесабақтармен оқу курсын, сондай-ақ Қазақстандағы апаттың барлық өзекті түрлері бойынша практикалық симуляциялық тапсырмаларды дайындады.

Бұл өз кезегінде Министрлік қызметкерлерінің төтенше жағдайларды уақтылы бағалау, күштер мен құралдарды мөлшерлес бөлу жөнінде тиісті шешім қабылдау бөлігінде әлеуетін арттыруды қамтамасыз етеді.

 

ҚР ТЖМ Дағдарыс жағдайындағы басқару орталығы