
2022 жылғы 16 мамырда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Суға шомылу маусымы. Азаматтардың қауіпсіздігі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясына ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов қатысты.
Бауыржан Мәдиұлы атап өткендей, еліміздің су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТЖМ мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, алдағы шомылу маусымында су айдындарында төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту бойынша алдын ала жұмыс басталып, кешенді ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар өткізілуде.
Бүгінгі таңда елімізде шомылуға рұқсат етілген 490 орын анықталды, оның ішінде 187 коммуналдық және 287 жеке жағажай. 16 орын бойынша нақты иелерін бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстанда азаматтар шомылу және демалу үшін пайдаланатын 50 мыңнан астам су айдыны бар. ТЖМ құтқару бөлімшелері тәулік бойы 490-нан астам құтқарушы қызмет атқаратын азаматтар пайдаланатын су айдындарының 125 учаскесін бақылайды. Ағымдағы жылы Министрліктің 45 мобильді құтқару бекеті қойылады. Бұдан басқа, әкімдіктермен және су маңындағы демалыс орындарының иелерімен бірлесіп Министрліктің жедел-құтқару жасақтарында даярлықтан өткен қоғамдық құтқарушылар есебінен 316 объектілік құтқару бекеттері жабдықталады.
Алдын алу жұмыстары аясында еліміздің су айдындарында 7 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Бүгінгі күні, өкінішке орай, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан адамдардың қаза болу фактілері тіркелді, 25 адам, оның ішінде 3 бала суға батып кетті.
Коммуналдық және жеке жағажайларда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін 104 медициналық пункт жұмыс істеуге дайындалуда. Коммуналдық жағажайларда қауіпсіз балалар жағажайларын дайындау аяқталуда, онда құтқарушылар балаларға жүзу дағдыларын үйретеді. Республикада барлығы 265 стационарлық бассейн, 146 қаңқалы-модульдік бассейн бар. Жыл басынан бері аталған бассейндерде 26 мыңнан астам бала жүзуге үйретілген. "2gis" картографиялық платформасында еліміздің барлық өңірлерінде су айдындарында шомылуға тыйым салынған (4994) және рұқсат етілген (490) орындар туралы деректер орналастырылған. Сондай-ақ, суда адамдардың қаза болуына жол бермеудің маңызды тәсілі суда тыйым салынған демалыс орындарында ТЖМ және ІІМ, ЖАО өкілдерімен және волонтерлермен бірлескен рейдтер және патрульдеу жүргізу болып табылады. Қазірдің өзінде 17 мыңнан астам патрульдер мен рейдтер жүргізілді. Оларға 37 мыңға жуық адам тартылды, олардың нәтижелері бойынша 118 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Судағы төтенше жағдайлардың санын азайту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу ел басшылығының, Үкіметтің, ТЖМ-нің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында.
ТЖМ азаматтарға судағы қарапайым қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын сақтауға кеңес береді.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі