
2022 жылғы 13 мамырда 68303 әскери бөлімінде белгіленген қызмет мерзімін өткерген 1-2021 әскери қызметшілерді шығарып салу құрметіне салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында әскери қызметшілер әскери бөлімнің жауынгерлік туымен қоштасты, сондай-ақ ардагерлер мен өзара іс-қимыл жасайтын органдардан, Семей қаласының әкімінен, әскери бөлім командирінен бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды, ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге ефрейтор әскери атағы берілді, әскери қызметшілерді құттықтау сөздерімен үйлеріне шығарып салды. Запастағы жауынгер бұл қызметте жауапкершілік, аға буынды құрметтеу, нағыз ер мен қорғаушының өмірінің мәнін түсіну, Отанға деген сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді тәрбиелегенін айтады. «Отан – бұл біз өмір сүріп жатқан жер ғана емес, бізді қоршап тұрған: отбасы, бізге жақын адамдар, достар, туған және өскен жер, бізді тәрбиелеген жер», - дейді ефрейтор Өмірхан Расул. Айта кетейік, жыл бойы олар әскери дайындық бойынша біліма алып, өз мамандықтары бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімі