52859 әскери бөлімі 55 жылдық меретойын атап өтті

52859 әскери бөлімі 55 жылдық меретойын атап өтті

Жыл сайын мамыр айының 8 күні Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 52859 әскери бөлімі құрылған күнін атап өтеді.

Биыл 52859 әскери бөлімі 55 жылдық меретойын атап өтті. Салтанатты іс-шара Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық қазақ-драма театрында өткізілді.Жеке құрамды құттықтау үшін Қазақстан республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі атынан Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор Абыкеев Уларбек Ташыкулович, Төтенше жағдайлар министрінің кеңесшісі – «Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы генерал-майор Искаков Мейрам Кабденович, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Акимжанов Халел Рахимович, Қарағанды облысы күш құрылымдарының бірінші басшылары, төтенше жағдайлар ардагерлері және бірқатар мәртебелі қонақтар келді.

Салтанаттық жиында бірқатар офицерлер мен келісім-шарт бойынша әскери қызметшілердің, сонымен қатар төтенше жағдайлар қызметі ардагерлерінің еңбегі еленді. Олар адал және  ерен еңбегі үшін төтенше жағдайлар министрінің, Қарағанды қаласы әкімінің, 52859 әскери бөлім командирінің төс белгілерімен және алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты шараның мәртебелі қонақтары әскери бөлімнің жеке құрамын меретоймен құттықтап, жылы лебіздерін, игі тілектерін жеткізіп, бағалы сыйлықтар табыстады.

 

ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі