
Бүгін елордалық Төтенше жағдайлар департаментінде Сәбит Шонтақбаевпен бірге сегізінші қабаттың терезесінен құлағалытұрған қызды құтқарған екінші жігіт Сағи Жылқышиевты марапаттау рәсімі өтті.
Сағи Жылқышиев көрсеткен ерлігі үшін ҚР ТЖМ бұйрығымен "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен, алғыс хатпен және қол сағатымен марапатталды.
Еске сала кетейік, 11 мамыр күні Сәбит досымен бірге таңертең жұмысқа бара жатқан кезде, адамдар тобын көріп, 8 қабат деңгейінде тұрған баланың айқайынан дереу кіреберіске жүгірген. Көршілерінің пәтері арқылы 7 қабатқа көтерілген Сәбит Сағимен бірге құтқаруға ат салысқан. Сабит пәтердің ішінде тұрып, Сағи досын бір қолымен аяғын, екінші қолымен терезесін ұстап сақтандырып тұрған.
- Біз айқайларды естіп, ілініп тұрған баланы көрдік, ойымыз тек баланы құтқару болды, ойланбастан жүгірдік,-деп атап өтті Сағи Жылқышиев.
Екі достың бірлескен күш-жігерімен санаулы минуттарда қыздың өмірі аман-есен сақталды.
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі