
Бүгін ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінде әскери қызмет мерзімін өткерген 1-2021 жылғы көктемгі шақырылымның сарбаздарына құрмет көрсету рәсімі болып өтті.
200-ге жуық құтқарушы жауынгерлер бір жыл бойы еліміздегі төтенше жағдайлар салдарын жою мен оның алдын алу бойынша абыройлы қызмет атқарып, өз Анттарына адал болды. Шара барысында қызметте үздік жағынан көрінген сарбаздар әскери бөлім командирінің бұйрығымен бағалы ерлер қолсағатымен марапатталды. ҚР ТЖМ Әскери бөлімдері қатарындағы қызмет жас балалар үшін патриотизм, батылдық және кәсіби даму мектебіне айналды.
ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімі