Алматы қаласының ТЖ департаменті Білім басқармасымен бірлесіп «Қауіпсіз су» акциясын өткізуде

Алматы қаласының ТЖ департаменті Білім басқармасымен бірлесіп «Қауіпсіз су»  акциясын өткізуде

Алматы қаласының су айдындарында балалардың қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау мақсатында және ағымдағы 2022 жылғы шомылу маусымына байланысты Алматы қаласының ТЖ Департаменті Білім басқармасымен бірлесіп, қаланың барлық жалпы білім беретін мектептерінде «Қауіпсіз су!» акциясын өткізуде.

Акция аясында жалпы білім беретін мектеп оқушылардың арасында балаларды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне оқытуға бағытталған «Судағы қауіпсіздік!» тақырыбында диктанттар, мазмұндамалар, шығармалар, өлеңдер, суреттер конкурстары өткізілді.

Өткізілетін үгіт-профилактикалық іс-шаралар оқу жылының соңына дейін жалғасатын болады, оның шеңберінде білім беру объектілерінде «Қауіпсіз су!» тақырыбында газет-қабырғаларды, қауіпсіздік бұрыштарын ресімдеу, сынып сағаттарын, интерактивті сабақтар, ата-аналар чаттарында нұсқамалар, тақырыптық линеектер, әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлер өткізу, сондай-ақ бейнероликтер көрсетілімі жоспарланған.

 

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі