Құтқарушылар Іле Алатауы тауларында ерлі-зайыптыларды құтқарды

Құтқарушылар Іле Алатауы тауларында ерлі-зайыптыларды құтқарды

6 мамыр сағат 17.03-те ҚР ТЖМ РЖҚЖ кезекші-диспетчерлік бөліміне ер адаммен  әйел Шымбұлақтың шыңы маңына өздігінен түсе алмайтындығы туралы хабарлама келіп түсті.

8 адамнан тұратын жедел топ және бір кинологиялық есеп жолға шықты. 18 сағат 15 минутта құтқарушылар Талғар асуына келіп, әрі қарай жаяу жүріп зардап шеккендерге жетті. Жолды тұман мен қар қиындатты. 19 сағат 10 минутта РЖҚЖ құтқарушылары Құтқару қызметінің құтқарушыларымен бірге зардап шеккен туристерді (ерлі-зайыпты 1997 жылы туған әйел мен 1996 жылы туған ер адам) төменге түсіруді бастады.

РЖҚЖ құтқарушылары: тауға шығар алдында тау бағытының ерекшеліктерімен мұқият танысып, жолдың бірінші бөлігін күннің бірінші жартысында жүру қажет екенін,  жақындарынызға қалаға оралуды жоспарлаған уақытыңыз туралы міндетті түрде ескерту қажет екендігін еске салады. Өзіңізбен бірге қуатталған паурбанкті, жылы киімдер мен сіріңкелерді су өткізбейтін пакетке салып алу  қажет.

 

ҚР ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметі