Министр Юрий Ильин ТЖМ қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыс етті

Министр Юрий Ильин ТЖМ қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыс етті

2022 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні қарсаңында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ТЖМ қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы  Рустамбек Амрин,Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Сәбит Битаев ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры Ботагөз Әбділманова, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов «Құрмет» орденімен марапатталды.

Ақтөбе облысы ТЖД № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Нұртай Рамилин,Қызылорда облысы ТЖД № 7 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Мирамбек Амангелдиев, Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Ұлан Молдашев «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін азаматтық қорғау органдарының 10 қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының 250 қызметкері Министрліктің ведомстволық наградаларымен марапаттады.

Жыл басынан бері ТЖМ құтқару бөлімшелері төтенше жағдайлар орнына 21 517 рет шықты, 5 377 адамды құтқарды, ТЖ аймағынан 4 832 адам эвакуациялады, 1 401 адамға медициналық көмек көрсетті.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі