
Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығына жоғары әскери шендер табыс етті.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин генерал-лейтенант шенін алды.
Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев пен Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков генерал-майор шендерін алды.
Сонымен қатар, Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ерлігі үшін» мемлекеттік наградаларымен Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 10 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Қанат Ешмағанбетов, Ақмола облысы ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Евгений Ефремов, Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі Әлімжан Тойжігітов марапатталды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі