Балалардың құтқарушысы – Арнат Қасенов

Балалардың құтқарушысы – Арнат Қасенов

Әріптестері Арнатты   балалардың құтқарушысы деп атап кеткен.

Арнаттың 16 жыл қызметі ішінде түрлі шұғыл жағдайларда 40-тан астам балаға көмекке келген. Оның ішінде есік жабылып пәтер ішінде  қалған, бастарына горшок киіп алған, саусақтарын қыстырып алып  шығара алмаған, құдыққа  құлаған, шкафтың үстіне тығылмақ ойнап шығып алып, түсе алмай қалған,   өрттен құтқарған, ал соңғыларының бірі - аулада ойнап жүріп, темір бөшкенің ішіне кіріп, өздігенен шыға алмай қалған бала.  Оқыс жағдайға тап болған бала қанша қорқып тұрса да Арнат Қасенов олардың тілін тауып, оңай байланысқа түскенін көруге болады.
«Әр болған жағдайды еске түсіре алмайсың, көп оқиғалар  болды. Бірақ балалар ерекше есімде. Олар үшін көбірек уайымдаймыз. Осындай жағдайларда сабырлық танытып, эмоцияны игеру қиынға соғады. Әсіресе балалармен бірге ата- аналардың өздері қасында жылап тұрғанда. Бірақ мен әрқашан өз- өзіме келіп,  көп нәрсе маған байланысты екенін түсініп, есте сақтаймын», - деді Арнат.

«Жағдайларға байланысты, менің ауысымымдағы оқиғалардың көбісі балалармен байланысты. Бірақ атап өтсем, өз әріптестерім  болмаса мен өзім жалғыз орындай алмас едім. Бұл тұтас команданың жұмысы», - деп атап өтті құтқарушы Қасенов.

-Бұл мамандық сізді несімен қызықтырды?

-ТЖМ сияқты ұйымның менің өмірімде пайда болғанына жолым болды деп есептеймін және менің қызығушылығым қызмет қызығушылығымен ұштастырылды. Мұнда мен өз шеберлігім мен тәжірибемді қолдана аламын.
Отан қорғаушылар күніне орай, біздің елімізде осындай кейіпкерлердің көп болғанын қалаймын, ең бастысы, осындай кәсіпқой қызметкер ауысымға түскенде, балаларымыз үшін тыныш бола аласыз.


ШҚО ТЖД баспасөз қызметі