52859 әскери бөлімінің құрама командасы туристтік көпсайыстан чемпион атанды

52859 әскери бөлімінің құрама командасы туристтік көпсайыстан чемпион атанды

2022 жылғы 29 сәуір мен 1 мамыр аралығында Қарқаралы ауданында туристтік көпсайыстан Қарағанды облысының ашық чемпионаты өтті.

Чемпионатқа Қарағанды,Теміртау, Шахтинск, Жезқазған, Қарқаралы ауданының туризм және альпинизм клубтары мен оқу орындарының спортшыларынан құрылған барлығы 15 команда қатысты. Жарыс 5 шақырымдық ұзақ командалық “кросс-жорықтан”, 0,5 шақырым арақашықтықта жеке қысқа “эстафетадан” және 1,5 шақырымда қысқа командалық “техникалық” этаптардан тұрды.Қатысушылар күн сайын жарыстың түрлі кезеңдерін өтті.

Мәселен, жарыстың бірінші күні жаяу туризм техникасынан өтсе, екінші, үшінші күндері кедергілер жолағында "байлау" және "құтқару жұмыстары"қашықтықтарында өтті. Барлық кезеңдер жартаста және орманның кедергілері бар орындарында өтті. Ж52859 әскери бөлімінің құрама командасы жалпыкомандалық есепте 1-орын алып, туристтік көпсайыстан Қарағанды облысының чемпионы атанды.

 

 

ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі