
Семей қаласының екі жас тұрғыны 2009 жылы туған баланы судан құтқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен құрмет грамоталарымен марапатталды.
2022 жылғы 1 мамырда Руслан Омаров пен Данила Кондратенко батылдық, ерлік танытып оқушыны судан құтқарды. Оқушылар өзен жағасында пикникке шыққан, олардың бірі бетон блоктан суға секіріп бата бастаған, жақын маңда болған Семей қаласының құрылыс колледжінің 2 курс студенті Данил Кондратенко оған көмекке ұмтылып, оны судан шығарған. Жағалауда сыныптасы Руслан Омаров дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетті. Зардап шегуші облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында.
ШҚО ТЖД азаматтарға су айдындарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертеді. Ата-аналар су айдындарында шомылу ережелерін сақтау туралы балалармен түсіндіру әңгімелерін өткізуі қажет.
Төтенше жағдай кезінде құтқарушыларға 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі