Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Каспий теңізінде 2022 жылғы 30 сәуірде 2022 жылы 01сағ.00мин. металлды қайықпен балық аулауға шығып, осы уақытқа дейін үйіне оралмаған Қазақстан Республикасы азаматы (1994 ж.т.), және Өзбекстан Республикасы азаматы (1983 ж.т) іздестіру- құтқару жұмыстарын жүргізуде.
Іздестіру- құтқару жұмыстарына Департаменттен 2 техника 2 қайық және 9 жеке құрамы, «Казавиаспас» АҚ МИ-8 тік ұшағы, ҚР Қорғаныс Министрлігі 29011 әскери бөлімі ( «Орал» кемесі 10 жеке құрамы) және еріктілер жұмылдырылды.
Бүгінгі күнге дейін облыс тұрғындарына сәуір айында 14 шаңды дауылды ескерту смс хабарлама жіберілді.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «02 мамырда Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай, батысында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жел күтіледі» деген ұялы телефон арқылы SMS хабарлама жолданды.
Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: дауылды ескертпелер түскен кезде теңізге жүзу құралдарымен (қайықтың әр түрімен) шығуға және шомылуға шығу және тыйым салады, себебі теңізде жоғары толқындық құбылыстар орын алады.
Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі