Маңғыстау облысы ТЖД бастығы балалармен саяхат өткізді

Маңғыстау облысы ТЖД бастығы балалармен саяхат өткізді

28 сәуірде балалар жылын мерекелеу аясында Маңғыстау облысы ТЖД бастығы подполковник Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов Ақтау қаласындағы №21 жалпы білім беретін орта мектептің 4-сынып  оқушыларымен кездесті. Алтынгүл Ленқызы Ленова балаларға жетекшілік етті.

26 бала үшін қызметкерлердің, өрт сөндіруші-құтқарушылардың, сүңгуір –құтқарушылардың, өрт техникасы мен кинологиялық есептің күнделікті жұмысы көрсетіліп, Маңғыстау облысы ТЖД өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.

Маңғыстау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі мен жедел-құтқару жасағының аумағында балалар құтқару техникаларын да көріп қайтты.

Мұнда балалар табиғи және техногендік сипаттағы қандай да бір төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігін көрнекі түрде көрді. Балалар өрт күзеті, азаматтық қорғаныс салаларының тарихымен танысып, қауіпсіздік негіздері бойынша қосымша білім алды.

Мұражай экспозициясы екі залда ұсынылған және қол сорғысы сияқты ерекше экспонаттардан тұрады, ежелгі өрт сөндірушілер олардың көмегімен бір уақытта өртті сөндіру үшін су берген, сонымен қатар көптеген өрт сөндірушінің суреттері қойылған. Зал қабырғаларының бірінде өртке дейін және одан кейін пәтерді көрсететін диорамасы орналасқан.

Мұражай бойынша экскурсия аясында Ақтау қаласын күзету бойынша №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімімен, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысымен танысты.

Оқушылар өте белсенді болды және көптеген сұрақтар қойды. Балалардың сұрақтарына ТЖД бастығы толық жауап берді.

"Бұндай шараны департаментте жиі өткізу маңызды. Біздің әлемде, өкінішке орай, тым көп апаттар мен төтенше жағдайлар орын алады, онда дұрыс әрекет ету, қауіпсіз жерлерді білу, дұрыс паналай алу және осылайша өзіңізді, жолдастарыңызды құтқару өте пайдалы болады. Сондықтан, қазіргі уақытта шұғыл қызметтер жұмысының қаншалықты маңызды екенін көрсеткен жөн. Өйткені, бұл балаларға құтқарушы ретінде беделді, игі кәсіптің қыр-сырын көрсету ғана емес, сонымен қатар балаларға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды түсіндіру", - деп атап өтті өңірдің бас құтқарушысы.

 

 

Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі