Қостанай отбасылық «Жанұя» үйінің балалары ТЖ департаментінің бастығымен бір күн өткізді

Қостанай отбасылық «Жанұя» үйінің балалары ТЖ департаментінің бастығымен бір күн өткізді

Іс-шара Мемлекет басшысы жариялаған Балалар жылы аясында ұйымдастырылды.  Балаларға Қостанай ТЖ қызметінің басшысы Біржан Кәрімовтың жұмыс күні және оның ведомствосының жұмысы көрсетілді. 

Таң әдеттегідей жиналыстан басталды. Күн тәртібінде әрқашан маңызды мәселелер қаралады, кейде олар адам өміріне қатысты болуы да мүмкін. Шешім қабылдау, оның орындалуын бақылау және жалпы өңірде болып жатқан барлық жайттарды біліп отыру қажет. Кейін балаларға дағдарыс жағдайын басқарудағы жұмыс тәртібі көрсетілді. Қоңырауларды кім қабылдайды және өтініштер қаншалықты тез қаралады.Балалар шұғыл қызметтердің телефон нөмірлерін білді.

Балалар үшін Қостанайдың №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Бұл ретте өрт сөндірушілердің күн тәртібі, қандай жағдайда жұмыс істейтіні толық түсіндірілді. Балалардың ерекше қызығушылығын құрал-жабдықтармен және техникамен танысуы, өрт сөндіру есебін өрістету тудырды.

«Біз өрт сөндірушілердің арнайы қорғаныс костюмдерін қаншалықты тез кигенін көрдік және олар бірнеше секундтан кейін оқиға орнына баруға дайын болды», - деді оқушылардың бірі. - Бізге өрт сөндіру автокөлігінде отыруға рұқсат етілді. Керемет болды!  Ал біз өрт сөндірушінің тыныс алу аппараты мен жауынгерлік киімін киіп көрдік».

Кейін балалар жауынгерлік даңқ мұражайына да барды. Онда көптеген экспонаттар, фотосуреттер және өткен жылдардағы түпнұсқа құжаттар, аймақтағы азаматтық қорғау қызметтерінің тарихы бар.

Департамент бастығы Біржан Телманұлы Кәрімов өзінің кәсіби жолы туралы айтып берді. Балалар неге ол адамдарды құтқаруды шешті деп сұрады. Оның батыл және ержүрек кәсібі несімен қызықтырды?

Күннің екінші жартысында балалар Департамент бастығымен жедел-құтқару жасағына шығып, кейін Қостанай суда құтқару станциясының аумағына аттанды. Мұнда балаларға құтқару кеудешесін дұрыс кию және жүзу үшін құтқару шеңберін қолдану үйретілді.  Сондай-ақ, импровизацияланған құралдарды қолдана отырып, адамды қалай құтқаруға болатыны түсіндірілді. Бұл өте пайдалы ақпарат болды.

Жұмыс күнінің соңында жоба қатысушылары «Затоболец» стадионында өткен өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қостанай құрамасының көрсетілімінде болды.  

«Іс - шараның негізгі мақсаты - өскелең ұрпақтың ой-өрісін кеңейту, оларды тұрмыста, мектепте, демалыста, олардың денсаулығы, қауіпсіздігі және амандығы үшін қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелеріне үйрету», - деп атап өтті Қостанай облысы ТЖД бастығы Біржан Кәрімов. - Балалар біздің ведомствоның қызметімен танысты, бөлімшелерде қызметтің қалай ұйымдастырылғанын, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қалай жұмыс істейтінін көрді. Мүмкін, олардың біреуі болашақта біздің ізімізбен жүргісі келетін болар».

 

                                                                        Қостанай облысының ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы