Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен «Қазмырыш» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша цифрлық жобаны іске қосты

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен «Қазмырыш» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша цифрлық жобаны іске қосты

2022 жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен «Қазмырыш» ЖШС өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, оның шеңберінде кәсіпорынның IT ресурстарында орналастырылған «Redmine» цифрлық жүйесі базасында «Өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекторы» пилоттық жобасын енгізу көзделген.

Аталған пилоттық жоба кәсіпорынның қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік жай-күйінің көрсеткіштерін «Өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекторы» ақпараттық жүйесіне орналастыруды көздейді, бұл металлургтер мен кеншілердің өндірістік алаңдарында қауіпсіздік жай-күйінің мониторингін онлайн режимде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ақпараттық жүйе қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалаудың негізгі міндетін іске асыруды, мемлекеттің басты құндылығы – адам өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ете отырып, өндірістегі авариялық жағдайлардың, оқыс оқиғалардың және жарақаттанудың туындауын барынша азайтуға және болдырмауға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қауіпті өндірістік объектілерге 446 тексеру жүргізілді, оның ішінде: 218 ерекше тәртіп бойынша және 228 жоспардан тыс (2021 жылы 2 098, оның ішінде: 1 146 ерекше тәртіп бойынша және 952 жоспардан тыс).

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі