ТЖМ-де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өтті

ТЖМ-де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өтті

2022 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде Аппарат басшысы Ардақ Сиязбекұлының төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес «№4 үлгілік базалық бағыттағы жобалар топтарын іске асыру» тақырыбында түсіндіру семинары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жобалық кеңсесінің басшысы, Агенттік төрағасының аға көмекшісі Йылдыз Лейла Бақытбекқызын және Агенттіктің Жобалық кеңсесінің бас менеджер Ұйымдастыру-бақылау департаментінің аға офицері Қарғабай Мирас Асқарбайұлы шақырумен барлық аумақтық және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің қосылуымен бейнеконференция байланысы арқылы өтті.

Семинар барысында жобалық кеңселерді құру процестері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі бойынша ТЖМ рейтингін қалыптастыру, мүдделер қақтығысын шешу мәселелері талқыланды.

Л.Б. Йылдыздың айтуынша, № 4 ҮББ іске асыру аясында мемлекеттік органдар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі квазимемлекеттік сектордың жұмысын ұйымдастыру сапасын арттыру үшін мүмкіндіктер ашылады.

Қорытындылай келе, Лейла Бақытбекқызы семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

 

ҚР ТЖМ Кадр саясаты департаменті