Құтқарушылар зардап шеккен ер адамдарды шұңқырдан шығарды

Құтқарушылар зардап шеккен ер адамдарды шұңқырдан шығарды

2022 жылғы 28 сәуірде 14 сағат 06 минутта Павлодар облысы ТЖД «112» пультіне зардап шеккендер туралы Кисловодская 77 мекенжайы бойынша хабарлама келіп түсті.  Оқиға орнына 7 құтқарушы мен Апаттар медицинасы орталығының бригадасы шықты.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген бойда су құбыры үшін ор төсеу бойынша жер жұмыстарын жүргізу кезінде екі ер адамның жермен жабылғаны анықталды. Құтқарушылар жергілікті тұрғындармен бірлесіп 1970 және 1976 жылдары туған ер адамдарды жердің астынан қазып алу және шығару бойынша жұмыстарын жүргізді.

Ер азаматтарға Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетті және «103» қызметіне тапсырылды.

Павлодар облысының ТЖД барлық азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

 

Павлодар облысы ТЖД